Жаңалықтар

Оқу жылында – жаңа кесте

Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, биылғы оқу жылы 1 қыркүйектен 2020 жылдың 25 мамырына дейін созылады.

Министрліктің бұйрығына сүйенсек, 2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан, ал, 2-11 (12) сыныптар үшін 34 оқу аптасынан тұрады.

Күзгі демалыс 28 қазаннан – 4 қарашаға дейін (7 күн); қысқы демалыс 30 желтоқсаннан – 9 қаңтарға дейін (10 күн); көктемгі демалыс 21 наурыздан – 2 сәуірге дейін (13 күн) жалғасады. Сондайақ, бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button