Қоғамдық тұрақтылық қорғаны

Соңғы бірнеше жылдардағы әлемдегі,  жекелеген елдердегі көптеген саяси оқиғалар қалай болса да дінмен немесе дінаралық қарым-қатынастармен байланысты деп айтсам, артық айтқандық болмас еді. Және де мұқият талдау барысында діннің бұған қатысы жоқ екендігі көрінеді.

Алайда, жеке адамдардың, ұйымдардың дінді өздерінің саяси, кеудемсоқтық, тіпті де пайдакүнемдік мақсаттарына пайдаланатыны өте өкінішті. Біз олардың елдерді, адамдарды, дінге сенушілерді жауластырып, тіпті өлімге де әкелетінін көреміз. Жүздеген адамдар басқа  елдерден баспана іздеп жүр. Бұл да конфессияаралық шиеленісті, тәртіпсіздікті тудырады.

Біз Қазақстанға да діни факторлардың әсерінің күшейгенін назардын тыс қалдыра алмаймыз.

Тәуелсіздік жылдары бір жағынан ар-ұждан, сенім бостандығын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік берді, ал екінші жағынан, дінаралық және дінішілік негізге бүлік әкелетін күштердің көптеп пайда болып, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таратылуына ықпал етті.

Менің ойымша, тарихи дамуының арқасында көпконфессиялы, көпұлтты болған ел үшін бұл көріністердің қауіптері туралы айтудың қажеті жоқ.

Президентіміз Н.Назарбаев бұл қауіпсіздік туралы бірнеше рет айтты.

Мемлекет және оның азаматтары радикализмнің, экстремизмнің және лаңкестіктің барлық нысандары мен көріністеріне бір майдан болып қарсы әрекет етуі тиіс.

Діни экстремизм деп аталатын қатер ерекше алаңдаушылық тудырады.  Қазақстандағы экстремизм мен лаңкестіктің идеологиялық емес, қылмыстық негізі бар. Псевдодіни риториканың астарында қоғамның іргетасын бұзатын қылмыстық іс-әрекеттер жатыр.

Бұл біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл жасау дегенді білдіреді. Бұл біздің мемлекеттілігіміздің беріктігін және азаматтық кемелденуін сынау дегенді білдіреді.

«Біздің мемлекетіміздің зайырлық сипаты – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты» — деп атап өтті ол  «Қазақстан — 2050» Стратегиясында. Шынайы өмір осы сөздердің жарамдылығын бірнеше рет растады.

Дін саласындағы шиеленістің күшеюі дінаралық және дінішілік қарым-қатынас мәселелерімен тікелей айналысатын, елдегі дінтанушылық білімнің сапасын арттыруға және кеңейтуге ықпал ететін мемлекет ретіндегі Қазақстанның зайырлы сипаттағы идеяларын белсенді жүргізетін  бірыңғай мемлекеттік органды құру қажеттілігін тудырды.

2016 жылғы қыркүйекте осындай орган — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ал жергілікті жерлерде дін істері жөніндегі басқармалар құрылды.

Мұндай біртұтас жүйе діни ахуалды нақты талдауға, діни себептерге байланысты шиеленістің ықтималдығын анықтауға, ал ең бастысы, діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына жол бермеуге және олардың алдын-алу жөніндегі жұмысты тиімді ұйымдастыруға, экстремистердің үгіт-насихаттауларына түсіп қалғандарды олардың зиянды әсерінен оңалтуға көмектеседі деп айта аламын.

Біздің практикалық жұмыс қазіргі кезеңдегі жағдайларды және ықтимал қатерлерді ескере отырып, діни саладағы барлық көзқарастарды қайта қарау міндетін қойып отыр.

Осы қажеттіліктің орнын толтыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы  мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған  тұжырымдамасы» әзірленді.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытуға, еліміздің дін саласындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқарушылық шараларын реттеу жөніндегі нормативті-құқықтық актілер жүйесін жетілдіруге негіз болатын осындай біртұтас құжат әлі болған жоқ.

Яғни, бұл қазіргі уақыттағы  сұраныстардың талабы деп айтуға болады. «Бұл тұжырымдама Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңінің қисынын басшылыққа ала отырып, әлем мойындаған конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісіне негізделген. Осы Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының күшін топтастыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдауға арналған» — деп тұжырымдамада атап өтілген.

Менің ойымша, қазіргі ахуалға, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері мен көріністеріне және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму көрінісіне қысқаша да мазмұнды талдау жасалатынын осы Тұжырымдаманың қажеттілігі мен оның бағыттылығын түсіну арқылы көруге болады. Бұл дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерін түсінуге дайындайтын секілді.

Барлық жұмыс дін саласындағы заңнамаларды жетілдіруге негізделуі тиіс екенін атап өткен жөн. Басқаша айтқанда, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, қазақстандықтардың барлық іс-әрекеттері заң негізінде жүргізілуі тиіс.

«Дін саласындағы тиімді мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары оны құқықтық қамтамасыз ету және заман талаптары мен сын-тегеуріндерге сәйкес, оның ішінде ақпарат және коммуникация, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және өзге де салалардағы заңнаманы жетілдіру болып табылады» — деп құжатта атап айтылған.

Менің ойымша, мемлекеттің дамуының зайырлы принциптерін нығайту дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұны және жүргізілуі үшін аса маңызды. Басқаша айтқанда, тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына  негізделген. «Мемлекеттің зайырлы сипаты туралы конституциялық норма Қазақстан Республикасында мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың іргелі сипаттамасы болып табылады».

Іс жүзінде барлық мемлекеттік қызмет салалары мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына негізделуге тиісті. Бұл, бір жағынан, — «мемлекеттің зайырлық негіздерін, халықтың ұлттық-мәдени және тарихи дәстүрлерін нығайтуға, моральдық және жоғары этиканың қағидаттарымен діндердің әсер ету саласын шектейтін» патриотизм мен азаматтылықтың негізі, ал екінші жағынан — «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың іргелі сипаттамасы».

Кейбір мәселелерге нақты тоқталып өткім келеді.

Ең алдымен, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлық принциптері туралы. Олар қазіргі Қазақстанның дамуы мен іс-қимыл жасауының  негізі болып табылады.

Қазақстанның барлық азаматтары өздерінің күнделікті қызметінде діни қатынастарына/көзқарастарына қарамастан, ең алдымен заңдарды, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын, қолданыстағы заңнамаларға қайшы келмеген жағдайда, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ережелерін басшылыққа алады.

Біздің елде заң шығару, мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың этикалық қағидаларын қалыптастыру және оның қызметі кезінде діни мүдде жоққа шығарылады.

Зайырлылық қағидаты мемлекеттің және діннің арасындағы белгілі бір қатынастарды орнатады, онда ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті деп танылмайды.

Сонымен бірге, мемлекеттік саясат қандай да бір сенімнің қағидаттарына емес, азаматтардың, қоғамның және тұтас мемлекеттің тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты мүдделерінен туындайды.

Мемлекет өзінің саясатын қандай да бір діннің немесе оның жеке ұстанушыларының мүдделеріне орай емес, тұтас қоғамның мүдделерінің негізінде ғана қабылдайды. Бұл ретте, заңға қайшы келмеген жағдайларда, діни  сенім  мәселелерінде адамның құқықтарына ешқандай шектелулер қойылмайды.

Өз кезегінде, зайырлылық қағидаттары мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйелері қызметінің негізін қалаушы болып табылады.  Мемлекеттік қызметшілер дін мәселелеріне қатысты бірқатар міндеттер мен шектеулерді қатаң сақтауға міндетті.

Ішінара Тұжырымдамада келесі міндеттер атап айтылған:

«олар лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу міндетті;

лауазымдық жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүддесі үшін пайдаланбауға, оның ішінде оларға деген өзінің көзқарасын насихаттамауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшылық лауазымдағылар  өздерінің діни көзқарасын ұжымда ашық көрсете және қарамағындағы қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

Мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың азаматтық қызметшiлері лауазымдық және қызметтiк мiндеттерiн атқару барысында дiндi насихаттаудан бас тартуға тиіс. Олардың тарапынан басқарушылық шешім қабылданған кезде діни ұсынымдар негізге алынбауы тиіс».

Бұл талаптарды егжей-тегжейлі келтіруім кездейсоқтық емес, себебі мемлекеттік лауазымды тұлғалар емес, оларға жүгінетіндер, оның ішінде конфессиялардың өкілдері, өздерінің өтініштерімен (тіпті талаптарымен)  мемлекеттік орган қызметкерінің заңнамаларды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуына жол береді.

Мемлекеттік саясаттың зайырлылық қағидаттарына сәйкес құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың және Қарулы Күштердің жүйесінде дінді насихаттауға жол берілмейтінін атап өту керек. Бірақ, әскери міндеттілік діни нанымнан бас тартуды талап етпейді. Дегенмен, діни сенімге деген құқықты жүзеге асыру оның қызметіне зиян келтірмеуі керек.

Бұқаралық ақпарат құралдары, білім және денсаулық сақтау жүйелері, мәдениет және спорт, әлеуметтік-экономикалық сала, отбасылық институт өздерінің жұмысын азаматтардың жалпы қазақстандық ерекшелігін ескере отырып жүргізуі, азаматтық және патриоттық құндылықтарға баулуы, діни сенімдегілердің сезімін құрметтей отырып, мемлекет аумағында барлық этностардың және конфессиялардың мәдениетін дамытуға тең жағдайлар жасаулары қажет.

Мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынасы арқылы мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту және дамыту қажет.

Менің ойымша, бұл жерде қоғамға гуманистік құндылықтарды енгізуге бағытталған діни бірлестіктердің қызметін реттеу ғана емес, сонымен қатар діни сенімдегілерді мемлекеттік рәміздер мен ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды құрметтеуге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға үндейтін діни бірлестіктердің және олардың өкілдерінің қызметіне қолдау көрсету де маңызды болып табылады.

Біздер үшін, яғни, діни саланы реттеу, діни радикализм мен экстремизмнің көріністерімен белсенді күресу, олардың халыққа, сондай-ақ конфессияларға тигізер әсерінің алдын алуға жол бермеу саласында қызмет атқаратындар үшін діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың және деструктивті діни ағымдардың қызметін бейтараптандырудың жалпы мемлекеттік жүйесін қарастыратын бөлімнің аса маңызы бар.

Бұл құжаттың бізді «дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде ардагерлерді, әйелдер мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарын, мәдениет және спорт қайраткерлерін тартуға» міндеттейтініне оқырмандардың назарын аударсам деймін. Басқаша айтқанда, жұмыс барысында халықтың әртүрлі топтарына негізделу керек.

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмысы ғана діни экстремизм идеяларына, діни радикализмнің таралуына, көріністеріне қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бекітілген Тұжырымдаманың өте маңызды және өз уақытындағы құжат екенін сенімді түрде айтуға болады.

Ол көптеген жағдайларда кешенді тапсырмаларды жаңа жолға қойып, мемлекеттік органдардың және қоғамның елдегі қоғамдық — саяси жағдайдың тұрақтылығын  қорғау, сонымен қатар қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүдделері үшін мемлекеттік органдардың және қоғамның бағыттарын, іс-қимылдарын  анықтайды. Және де діни нанымға немесе дінге деген көзқарасқа қарамайды.

«Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Қазақстанның зайырлы дамуының басым міндеттерін шешуге және түрлі конфессиялар мен этнос өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған еліміздің қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» — деп жазылған Тұжырымдамада.

Сонымен бірге, Тұжырымдаманың мемлекеттің, діни ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының, елдің болашағына,  қазақстандықтардың болашағына қамқорлық жасайтын еліміздің әрбір тұрғынының іс-қимылының негізі ғана екенін біздің түсінуіміз керек.

 

Н.Бикенов,

Қарағанды облысының дін істері

басқармасының басшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.