Жаңаарқа

“Өнерпаз болсаң, арқалан”

    Жақында аудандық Мәдениет үйінде «Алаш» партиясының 100 жылдығы, Қазыбек бидің 350 жылдығы, «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында және ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған аудандық А.Дәулетбеков атындағы «Жас сұңқар» патриоттық ән байқауы өтті.

Аталмыш байқауда Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледждің студенттері өнерлерін ортаға салды.

Талғампаз көрермендер мен сыншыл әділ қазылардың талабы­нан шыққан колледж студенттері Азамат Елеубеков «Жаса Қазақ­стан» әнін нәшіне келтіре шырқап, бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, Асылхан Алтынбеков «Қазақтың қара баласы» әнін орындап, бірінші орынды, Еркебұлан Әбілда «Алға қазақ жігіттері» әнін кемеліне келтіре шырқап екінші орынды олжалады.

Бұл байқауда колледж мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырушы облыстық, халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші Марат Қазеновтың шәкіртте­рінің алда өнердің талай биіктерінен көрінетініне ел көңілі сеніп қайтты.

Қалкен СМАЙЫЛ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button