Жаңалықтар

ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ МҮМКІНДІКТЕРІ

Бүгінде Қазақстан әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді – деп Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев атап өткен болатын. Расымен де, Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Қазақстанда өндірістік кешен қарқынды дамып келеді. Салалық ведомство мамандарының мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 5 айының көрсеткіші 2 пайызға артқан. Өсім химия және жеңіл өнеркәсіптері, мұнайды терең өңдеу, машинажинау, түсті металлургия сынды кәсіпорындарда байқалады. Бұл орайда айта кетерлігі 2019 жылдың алғашқы төрт айында ғана дайын өнімді экспорттау көлемі 5 млрд долларды құраған. Ал өндірістік кешеннің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлеміне келер болсақ, ол биылдың 5 айында ғана 255 млрд теңгеге жеткен – деп көресетіледі БАҚ.

Аманияз Ержанов мырзаның айтуынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфроқұрылымдық даму вице-министрі: – 2015 жылдан бастап елімізде индустрияландырудың екінші бес жылдығы жүзеге асырылуда. Алдағы жыл аяқтау жылы болып табылады. Өткен жылы индустрияндыру картасы аясында 1,3 трлн теңгеге 102 жоба іске қосылды. Биылғы жылы біз индустрияландыру картасына120-дан астам жоба енгізу арқылы 1,1 трлн теңге жоспарлап отырмыз. Бұл орайда машина жинау саласындағы автомобиль құрастыру ісінің үлесі 25 пайызға артқанын айту керек. Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, өткен жылдың 5 айында 17 мың дана көлік нысаны шығарылыпты. Өсімге ішкі нарық сұранысының күшейгені мен сыртқы экспорт нарықтарының ашылуы, жеңілдетілген автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы оң әсерін тигізді дейді, сарапшылар.

Құлынтай Монай

Басқа материалдар

Back to top button