Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Өнеркәсіп дамуында – оң үрдіс

2021 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте дамудың оң үрдісі сақталды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,2% өсіммен 4,3 трлн. теңгені құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 3,4 трлн. теңге немесе 0,7%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 538 млрд. теңге немесе 4,9%-ға артты.

Өңдеуші саланың барлығы дерлік секторларында өсім байқалады. Мысалы, қара металлургияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жалпақ илек өндірісінің 19,2%-ға, болат өндірісінің 15,5%-ға және шойын өндірісінің 14,2%-ға ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі 11%-ға өсті. Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші «Қазақмыс» корпорациясында тазартылған мыс өндірісінің көлемі 345 мың тоннаны құрады. Сондай-ақ, фармацевтикада 5,7 есе, жеңіл өнеркәсіпте 5%, машина жасауда 3%, құрылыс индустриясында 1,5% өсім байқалды. Өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 4,6%-ға өсті (2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша). Облыс өндірушілері әлемнің 40 елінде, оның ішінде Ресей Федерациясында, Қытайда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Өзбекстанда, Украинада, Қырғызстанда, Еуроодақ елдерінде және т.б. елдерде тұтынылатын 3,8 млрд АҚШ доллары (2021 жылдың 9 айында) сомасына өнім экспорттады. Негізгі экспорттық тауарлар – мыс, жалпақ илек, ферроқорытпа, машина жасау өнімдері, резеңке-техникалық бұйымдар, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, кабель-өткізгіш өнімдер, химия өнеркәсібінің өнімдері (карбид, майлау материалдары) және т. б. Мемлекет тарапынан инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын инвестиция көлемі артып келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 809,1 млрд. теңгені құрады, 2020 жылға қарағанда 12,1% өсім байқалады. Негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі – 88,4%, бұл біздің облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар. 2021 жылы 230,2 млрд. теңге сомасына 1865 жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жаңа өндіріс іске қосылды. Жәйрем тау-кен байыту комбинатында ірі жобаны іске асыру – қуаттылығы жылына 650 мың тонна концентраттар өндіретін, қуаттылығы 5 млн. тонна қорғасын-мырыш кендерін қайта өңдеу жөніндегі жаңа байыту фабрикасының құрылысы аяқталды. «Asia Ferroalloys» ЖШС компаниясы 2021 жылы 2 жобаны іске асырды, бұл – байытылған көмір шығару бойынша байыту фабрикасы және жаңа ферроқорытпа зауыты. Сондай-ақ, «Forever Flourishing» болат дайындамаларын (бұрыштар, швеллерлер) шығару бойынша импортты алмастыратын жоба іске асырылды, онда жылына 300 мың тонна өнім өндірілетін болады. «Сантехпром» ЖШС кәсіпорны өндірістік процестерді ауқымды жаңғыртуды жүргізді. Автоматтандырылған технологиялардың көмегімен болат радиаторлар өндірісі жылына 220-дан 350 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Іске асырылып жатқан барлық жобалар, бұл – үлкен шикізат базасын ескере отырып, Қарағанды облысындағы инвестициялық ахуал пандемия кезінде де тартымды болып табылатындығының көрсеткіші. Облыста жаңа жобаларды іске асыру аясында 2022-2025 жылдар кезеңіне арналған жалпы инвестициялық көлемі шамамен 2 трлн. теңге болатын, 12 мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, 50 инвестициялық жобадан, оның ішінде 1,2 трлн. теңгеге шетел қатысатын 14 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның ішінде, биылғы жылы 228,9 млрд. теңге сомасына 2 218 жаңа жұмыс орнын құрумен 16 жоба іске асырылатын болады. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп құны 125 млрд. теңге болатын KamaTyres автомобиль шиналарын өндіру жөніндегі ірі жобаны іске асыруды аяқтау жоспарлануда. Аталған зауыт өнімдерінің Қазақстан аумағында баламасы жоқ. Балқаш қаласында қуаттылығы 50 мВт күн электр станциясы жобасын іске асыру аяқталады. Ақтоғай ауданында «Irkaz Metal Corporation» ЖШС гидро-металлургиялық зауытының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мұнда жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіріледі. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қуаттылығы жылына 2 200 тонна катодты мыс болатын гидрометаллургия зауыт құрылысын салу бойынша инновациялық жобаны іске қосады. Іске асырылып жатқан жобалардың бірі «Борусан Макина Қазақстан» ЖШС компаниясының сервистік орталығы болып табылады. Сервис орталығы қазірдің өзінде Қарағанды машина жасау консорциумымен табысты ынтымақтастық орнатып отыр және сол арқылы өңірдегі машина жасау саласын дамытуға өз үлесін қосуда. «Сарыарқа» АЭА аумағында 3 импортты алмастыратын жобаны іске қосу жоспарланып отыр: «РгоПК» ЖШС геомембранасын, «Liteyshik» ЖШС және «Бүркіт» БК» ЖШС пластикалық құбырларын өндіру. Сондай-ақ, Жезқазғанда ағым­­­­­­дағы жылы «Қазхимсинтез» ЖШС химиялық реагент өндіру зауытының құрылысын салу жоспарланған, онда жылына 15 мың тонна өнім өндірілетін болады. Бұл – елдің металлургиялық компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін импортты алмастыратын өнім. Тамақ өнеркәсібі жобаларын іске асыру аясында мынадай кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда:

– Абай қаласындағы «Астро-Агро LTD» ЖШС 500 басқа арналған сүт-тауар фермасы;

– Жаңаарқа ауданында ет өндіру бойынша «Бірлестік» ШҚ;

– Нұра ауданында құс етін өндіру бойынша Л.Б.Хусаинова ЖК. Бұрынғы РТИ зауыты инфрақұрылымының болуын ескере отырып, біз өнеркәсіптік алаңдар мен дайын өндірістік үй-жайлар кешенін құрып жатырмыз. 2021 жылы Саран қаласында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылды. ИА-та ыңғайлы көлік логистикасы бар, дайын өндірістік инфрақұрылым қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда индустриялық аймақтың қатысушылары жалпы инвестиция көлемі 149,2 млрд. теңгені құрайтын, шамамен 2 200 жұмыс орнын құратын 4 компания болып табылады. Бұл:

– «KamaTyresKZ» ЖШС автомобиль шиналарын өндіру бойынша зәкірлік жоба;

– «KazIsolation» ЖШС құю цехының құрылысы;

– «Ferrum beton prodacts» ЖШС темір бетон бұйымдары мен кірпіш өндіретін зауыт құрылысын салу;

– «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС мырыштау желісімен металл бұйымдарын өндіру.

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында да жобаларды іске асыру жалғасуда. Барлық қызмет ету кезеңінде АЭА аумағына тартылған инвестициялар көлемі 102,2 млрд. теңгеден асты. АЭА жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары 123,8 млрд. теңгеден астам көлемде өнім өндірді. Салық аударымдары 11,5 млрд. теңгені құрады. 700-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда АЭА қатысушылары мәртебесіне 22 компания ие, оның ішінде 8 жоба іске қосылған, 14 жоба іске асырылу сатысында. Ағымдағы жылы 3 жоба іске қосылады. Отандық өндірісті дамытуға келетін болсақ, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында сервистік қолдау көзделген. 2021 жылы Қарағанды облысының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасында жалпы сомасы 100,7 млрд. теңгеге жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдарға қол қойылды. Осы меморандумдар аясында облыстың 60 кәсіпорны 159,3 млрд. теңге сомасына тауар жеткізді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарынан шикізаттық емес тауарларды сатып алу 34,2 млрд. теңгені құрады, 2020 жылға қарғанда 2,9 млрд. теңгеге немесе 9,3%-ға өсті. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бойынша 2021 жылдың 9 айында облыс кәсіпорындарынан шикізаттық емес тауарларды сатып алу 17,3 млрд. теңгені құрады, 2020 жылға қарағанда 6,8 млрд. теңгеге немесе 64,7%-ға өсті. Әрбір саланың цифрлық экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлық технологиялық платформалар да қалыптасуда.

Цифрлық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында біздің облыс еліміздегі озық өңір болып табылады. 40 цифрлық жоба облыстың 11 өнеркәсіптік кәсіпорнында («АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Жәйрем КБК» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ, «АК «Алтыналмас» АҚ, «Kazakhmys Coal» АҚ, «Коунрад Мыс компаниясы» ЖШС, «СП «Алайғыр» ЖШС, «Мэйкер» ЖШС, «Казпромавтоматика» ЖШС) 200 млрд. теңгеден астам сомаға іске асырылуда. Зияткерлік шешімдер, нақты уақыттағы мониторинг және операцияларды автоматтандыру сияқты технологияларды енгізу көзделетін «Модельдік цифрлық фабрикалар» («Алтыналмас» АК» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ) жобаларын іске асыру жалғасуда.

Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің пилоттық кезеңін еңсеріп, шешімдерді ауқымды ете алған компаниялар өндірістік процестер тиімділігі мен еңбек өнімділігінің теңдессіз өсімін алды. Өнеркәсіп салаларын индустриялық дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Мұрат ҚЫДЫРҒАНБЕКОВ, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button