АймақБұқар жырау

Отан қорғаушылар күні құрметіне

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай жасөспірімдерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу мақсатында Токаревка орта мектебінің 8 сынып оқушыларымен «Отан қорғау, менің борышым» атты білгенге маржан шарасы өткізілді. Білгенге маржан ойыны 4 бөлімнен тұрды.

1 бөлім: ” Тарих және деректер “. Бұл бөлімде әскери тақырыптағы сұрақтар қойылып, қатысушылар нақты деректермен жауап берді. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы, әскери мерекелер, тарихи оқиғалар қамтылды.

2 бөлім: батырлар мен тұлғалар. Бұл бөлімде қазақ батырлары мен ел қорғаған тұлғалар туралы сұрақтар ұсынылды. Қатысушылар батырлардың ерліктерін атап өтті.

3 бөлім: қызықты сұрақтар. Бұл бөлімде әскери тақырыптағы логикалық тапсырмалар және ойлануға жетелейтін сұрақтар берілді. Қатысушылар тапқырлық танытып, әскери терминдер мен ұғымдарды табу арқылы білімдерін көрсетті. Бұл бөлімде ойынға сергектік пен қызықтылық қосылды.

4 бөлім: әскери тақырыптағы мақал-мәтелдер. Бұл бөлімінде тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдерді жалғастыру керек болды.

Қатысушылар өз-ара бәсекелесті. Шара соңында жеңімпаздарды анықтау үшін дұрыс жауап берген қатысушыларға жетондар таратылып отырылды.

Әр бөлімде оқушылар өз білімдерін, тапқырлығын және Отанға деген құрметін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылардың белсенділігі, ой жүйріктігі мен шешендігі айқын байқалды. Әрбір дұрыс жауапқа қошемет көрсетіліп отырды. Ойын тартымды, қызықты өтті. Қортындылау бойынша 8 ұпаймен Мартбек Айару 1 орынды иеленді, ал 7 ұпаймен Дүлгенқызы Кәусар екінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар жеңімпаздардан бөлек, белсенділік танытқан, ерекше жауап берген қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары таратылды.

Қорытынды: «Білгенге маржан» ойыны оқушылардың әскери-патриоттық білімін арттыруға, тарихи тұлғаларды дәріптеуге және тапқырлық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Гаухар СҮЛЕЙМЕНОВА
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің кітапханашысы

Басқа материалдар

Back to top button