Аймақ

Облыста ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 8–10 мамыр аралығында Қарағанды облысының қала және аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Дәстүрлі шараға өңір фермерлері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және тұрғындарды сапалы азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету. Сауда алаңдарында жаңа піскен көкөністер мен көк шөп, ет және сүт өнімдері, нан-тоқаш тағамдары, жұмыртқа және өзге де жергілікті өнімдер ұсынылады.

Ұйымдастырушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге қатысып, мерекелік көңіл күйді сезінуге және өнімдерді өндірушілерден тікелей сатып алуға шақырады.

Жәрмеңкелер Қарағанды облысының барлық қала және аудан орталықтарында өтеді. Іс-шараны жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ұйымдастырады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button