Назарбаева ұстаздар мен дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды
Сенат депутаты Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
“Мұғалімдер мен дәрігерлер үлкен азаматтық сектор. Олар бүгінгі күні баспанамен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша өте әлжуаз болып отыр. Әзірге ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселесін толық көлемде шеше алмай келеді”, — деді Дариға Назарбаева бүгін сенатта “Нұрлы жер” бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста.
Оның айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлер адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал халықтың бұл санатының баспана жағдайы қазір қалыс қалып отырған жайы бар.
“Дәрігер мен медбике, мұғалім мен мұғалімнің материалдық тұрғыдағы жағдайы бірдей емес. Отбасы бар мұғалімдер бар, олар, мәселен, бағдарламаға қатыса алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де бар ғой. Олардың бірлесе баспана алуға болатын отбасы жоқ, тіпті кейбірінің мойнында туған-туысқандары отыр. Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын”, — деді Назарбаева.
“Қазір баспана мәселесі өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Сондықтан алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын”, — деген алаңдаушылығын білдірді сенатор.