Басты тақырыпОблыс әкімі

Науқан – қарқынды

     Сейсенбі күні облыс басшысы Ерлан ҚОШАНОВ жұмыс сапарымен Бұқар жырау, Осакаров аудандарының  шаруашылық алқаптарында болып, егін орағы барысымен танысты. Еңбек майданына жұмылған шаруа қожалықтарының иелеріне жолығып, диқандармен әңгімелесті.

Алдымен аймақ басшысы Бұқар жырау ауданында «КНИИРС» ЖШС алқабында болып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді күтіп-баптау және жемшөп дайындау барысын білді. Бұқар жырау ауданының әкімі Ш.Мамалинов диқандардың бекітілген мерзімге дейін барлығын реттеп, орақ маусымын аяқтауға тырысып жатқандарын айтты. «ПК им. Кирова» ЖШС, «Нұр-СХ» ЖШС-нің картоп және дәнді-дақыл алқаптарында, сонымен қатар Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқаптарында атқарылып жатқан шаралар туралы мағлұмат алды.

Бұдан кейін облыс әкімінің жұмыс сапары Осакаров ауданының егіс алқаптарында жалғасты. Мұнда «Найдоровское» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмыскерлерімен кездесті. Шаруалардың талмау тұсын жақсы түсінгендіктен, әуелден егіннің өнімі мен оны ору мерзімдерін сұрады. Жер ыңғайы мен ауа райы жағын да сұрап-біліп, техникалардың жарамдылығы, топырақтың құнарлылығы, арам шөппен түрлі зиянкестерге қарсы қолданылған шаралар туралы да әңгіме өрбітіп, ой бөлісті. Облыс бойынша пайдаланылмай жатқан барлық жерлерді қайтарып, оны өңдей алатын шаруашылыққа бейім адамдардың қолына беру керектігін айтып, мал шаруашылығын өркендету мақсатында тапсырма берді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаровтың айтуынша, астық пен картоп тұқымы биылғы қажеттілікті толық қамтамасыз етуге әбден жеткілікті. Биыл 780 мың гектар алқапта егін орағы жұмысы жүргізілуде. 570 мың гектар жерден бидай, дәнді-дақылдар, 13 400 гектар жерден картоп, 2 800 гектар жерден көкөніс алатын көрінеді. Қазіргі уақытта жұмыстар 80 пайызға орындалған. Ауыл шаруашылығы техникасы кедергісіз жұмыс жасап тұр. Күн бұзылмай, жауын-шашын болмаса, 1-ші қазанға дейін егін ору науқаны аяқталады.

Нұрдос КӘРІМ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button