Бас тақырып

Нұраби Төлеутай Қарағанды облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне басшы болды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Нұраби Рашидұлы Төлеутай Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Ұжымның жаңа басшысын ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.

Бұған дейін Нұраби Төлеутай Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментін басқарған. Ұжымға жаңа басшыны ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.

Нұраби Төлеутай – Қарағанды облысының тумасы. ҚР ҰҚК академиясын және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін “шет тілін білетін жедел қызметкер” және “экономика” мамандықтары бойынша бітірген.

Органдарда 2014 жылдан бастап қызмет етеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменттерінің бірінде жұмыс істеді. ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Қаржы министрінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары болды. 2021 жылғы наурыздан бастап осы тағайындауға дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button