Ақтоғай

Модульді мал сою пункті ашылды

Ақтоғай ауданы Абай ауылында «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы аясында модульді мал сою пункті іске қосылды. Жаңа нысан «АлашАгро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жанынан ашылды.

Тәулігіне 10 ірі қара, 20 ұсақ малды союға қауқарлы кешенде ветеринариялық зертхана мен сыйымдылығы 3 тонналық тоңазытқыш орналасқан. Сондайақ, қасапханада еңбек ететіндерге арналған жеке бөлме де бар. Жобаның жалпы құны – 11 млн. теңге.

  • Нысанның құрылысы үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 11 млн.теңге несие алдық. Қалған қаражат кооперативтің есебінен толықтырылды. Құрылысты «PROSNAB servise» ЖШС жүргізді. Ауылдағы жеке адамдардың малын бордақылау мақсатында «Береке» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Енді, міне, ауыл тұрғындары мал сою мен өнімін сақтаудың сапалы қызметін тұтына алады. Пункт қызметі жалпы халыққа 5 мың теңге деп белгіленіп отыр. Кооператив мүшелері үшін жеңілдіктер болады, – дейді «АлашАгро» АШӨК-нің жетекшісі Ердос Майлыбаев.

Кешеннің ең басты тиімділігі – тазалығы. Мұнда ет сапасы ветеринар маманның қадағалауында болады. Сонымен қатар, модульді мал сою пункті тұрғындарға малдың сойылғаны жөнінде құжаттар мен өнімнің тазалығы (арнайы ветеринарлық зертхана арқылы) жөнінде анықтама береді.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button