Ресми

Мобильді қолданба – тиімді тетік

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының мамандары түрлі ұжымдарға барып, қызметкерлерге онлайн форматында қызметтерді пайдалану туралы түсіндіруде.

Жақында Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі қызметкерлерінің қатысуымен арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері ұйым қызметкерлеріне TelegramBot EgovKzBot2.0 қосымшасын қолдану туралы айтып берді. Сонымен бірге, жаңа Mgovmobile қолданбасын жүктеп алуға көмектесті.

Қатысушылар қызмет алу жылдамдығын жоғары бағалады. Бастысы – ХҚКО-на барудың қажет жоқ. Тек, мобильді азаматтар қорына тіркеліп немесе ЭЦҚ алса, жеткілікті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button