Бас тақырып

Министр кездесу өткізеді

28-29 шілде күндері ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий ИЛЬИН жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келеді деп күтілуде. Министр жұмыс сапары барысында аймақтың жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, кәсіпкерлермен пікірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды жоспарлап отыр.

Азаматтардан сұрақтар, сұраныстар мен ұсыныстарды жинау Төтенше жағдайлар министрлігі интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» айдары («халықпен кездесу» санаты) және ps_dchs_karg@ emer.kz, ps@emer.kz. электрондық поштасы арқылы жүргізілетінін айта кеткен жөн. Сұрақтар мен ұсыныстар 23 шілдеге дейін қабылданады.

Азаматтар алдын ала сұрақты жіберу үшін «Сұрақ-жауап» бөлімінде «сұрақ қою» батырмасын басуы һәм «халықпен кездесу» санатын таңдауы қажет.

Тіркелу кезінде әр азамат аты-жөнін көрсетіп, қоятын сауалын жазып, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыруы тиіс.

Соңғы кезде аймағымызда күтілмеген төтенше жағдайлар орын алуда. Осы тұрғыдан да Төтенше жағдайлар Министрінің жұмыс сапарымен келуін орынды деп білеміз.

Сонымен қатар, Министр баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің министрліктің қызметіне қатысты сауалдарына жауап береді.

Айта кету керек, күн жылынғалы бері өңірде 22 орман өрті тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Өзен-көлдерде де төтеншеліктер күндіз-түні кезекшілік жасайды. Мұның бәрі кездесудегі әңгімеге арқау болмақ.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button