АймақТеміртау

Мереке қарсаңындағы құрмет

Теміртау қалалық Мәдениет сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанат өтті.

Онда қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан үлестері үшін бірқатар арулар қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Марапат алғандардың арасында “Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы” КМК жалпы тәжірибелік дәрігері Әсел Сарманова, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Аносова, “Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің” қойма меңгерушісі Гүлмира Жүкенова, 8 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлбарам Үсенова, қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының бас инспекторы Диана Үкітаева, облыстық психикалық денсаулық орталығының учаскелік медбикесі Валентина Павленко бар.

Салтанатты кештің сәнін қалалық өнерпаздардың мың бұралған билері мен әуелете салған әндері одан сайын әрлей түсті.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

ТЕМІРТАУ
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button