Спорт

Мерейі үстем түсті

Жуырда ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Сарыарқа 2016» ХХХ облыстық жазғы спартакиадасында Жаңаарқа ауданының құрама командасы жалпыкомандалық есепте І орынға ие болып, бәсекелестерінен мерейі үстем түсті.

Ұлттық спорт ойыны аударыспақтан өз салмақ дәрежелері бойынша Бүркіт Нұрғалиев І орынды қанжығаласа, Нұрдәулет Өскенбаев пен Дархан Рахметов ІІ орынды иеленді. Ал, Марғұлан Нұрғалиев пен Жанбота Жүсіпов жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.

Көкпар сайысында Ақтау ауылынан жасақталған команда құрамындағы Социалистік Еңбек Ері Шалғынбай Ынтықбаевтың төрт баласы, екі немересі, еңбек ардагері Ұзақбай Оспановтың екі баласы, сонымен қоса, көкпаршылар Бекзат Серіков пен Бауыржан Әбдіқадыров тамаша ойын өрнегімен жанкүйер қауымды ерекше тәнті етті. Олар ақтық сында облыс намысын қорғауға машықтанған Қарқаралы ауданының құрама командасымен кездесті. Шешуші кезеңде команда басшысы Азамат Ынтықбаев пен шабуылшы Рамазан Шалғынбаев ойын тізгінін өз қолдарына алып, Жаңаарқа ауданы командасының жеңіске жетуіне дәнекерлік етті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button