Бас тақырып

Мемлекет басшысы Димашқа тазының күшігін сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшігін сыйлады.

Сурет: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ол бұл жаңалықты Instagram парақшасында жеткізді.

— Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады.
Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.
Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді.
«Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы – «шапшаң», «епті».
Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын «Ғарышкер» 
деп атадық, – деп жазды әнші өзінің парақшасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button