Балқаш
Медиатор – қоғамдағы келістіруші тұлға
Балқаш қаласы әкімдігінің конференц-залында өткен семинар-тренингке осы тақырып өзек болды.
Оған мемлекеттік орган басшылары, этно-мәдени бірлестік жетекшілері, кәсіпкерлер, қоғамдық және кәсіпқой медиаторлар, Балқаш пен Приозерск қаласының қоғамдық белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарды кәсіпқой жаттықтырушы-медиатор, «Даудамай шешу институты» жекеменшік мекемесінің негізін қалаушы әрі директоры, заң ғылымының магистрі А.Б.Пак жүргізді.
Балқаш аймағында медиация институтын дамыту мен жетілдіруді, дау-дамай шешудегі жұртшылықтың құқықтық сауатын көтеруді көздеген көшпелі семинар мақсатына жетті.
Семинар соңында барлық қатысушыға сертификат тапсырылды.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»