Бас тақырыпРесми

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде сот төрағалары мен судьяларды тағайындады

Мемлекет басшысы еліміздің соттарында бірқатар тағайындау жасап, кей судьяларды қызметінен босатты.

Сурет Ақорда

Президент тиісті Жарлыққа 1 қазанда қол қойды.

Сот төрағасы болып тағайындалды:

· Абай облысы Жарма аудандық сотының төрағасы – Айгүл Сәдуақасова;

· Қостанай облысы Рудный қалалық сотының төрағасы – Шолпан Нақыпова. Ол осы өңірдегі Сарыкөл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Судьялар болып тағайындалды:

Астана қаласы бойынша:

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа – Марал Сейітова. Ол Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатылды;

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа – Хабиба Тілеубергенова. Ол Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа – Аделия Хасенова. Ол Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа – Гүлнәр Ажақаева. Ол Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа – Телжан Жүсіпов. Ол Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Алматы қаласы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына – Әсет Ақшолақов.

Шымкент қаласы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа – Жәнібек Аятов. Ол Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Абай облысы бойынша:

· Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына – Жаннұр Ғалымова. Ол осы облыстағы Бесқарағай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Ақтөбе облысы бойынша:

· Темір аудандық сотына – Наурызғали Мұханбедияров;

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа – Ертуған Бегалиев.

Алматы облысы бойынша:

· Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына – Руслан Бақтаев;

· Қарасай аудандық сотына – Марлен Жұмақанов;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа – Гүлжан Азамат. Ол Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатылды.

Атырау облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа – Нұрхан Аманжолов.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

· Орал қалалық сотына – Бауыржан Убин;

· Сырым аудандық сотына – Үмида Жетпісбаева.

Жетісу облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа – Сәуле Нұрғалиева. Ол осы облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қарағанды облысы бойынша:

· Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотына – Исламхан Есенбаев. Ол Теміртау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа – Данияр Тұрсынов. Ол Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қызылорда облысы бойынша:

· Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына – Бибігүл Әбубәкірова. Ол Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

· Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына – Михаил Гусев. Ол Петропавл қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа – Жанар Тасубаева. Ол Риддер қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қызметінен босатылды:

· Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Нұрлан Өміртайұлы – отставкаға шығуына байланысты;

· Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Қыдырбаева – өз қалауы бойынша. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет – отставкаға шығуына байланысты;

· Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева – отставкаға шығуына байланысты;

· Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайкамалов – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімімен судья өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты;

· Алматы облыстық сотының судьясы Симузар Құрбанова – отставкаға шығуына байланысты;

· Ақтөбе облыстық сотының судьясы Мәлібай Қосымбетов – отставкаға шығуына байланысты;

· Атырау облыстық сотының судьясы Айгүл Тәшенова – отставкаға шығуына байланысты;

· Қарағанды облыстық сотының судьясы Ернар Тоқпанов – отставкаға шығуына байланысты;

· Ұлытау облыстық сотының судьясы Жакен Кенжин – отставкаға шығуына байланысты.

Астана қаласы бойынша:

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Жанна Салықбаева – отставкаға шығуына байланысты;

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Әлия Кұсманова – отставкаға шығуына байланысты;

· қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Ақжол Жапарбек – өз қалауы бойынша.

Алматы қаласы бойынша:

· Алмалы аудандық сотының төрағасы Ардақ Ешеев – отставкаға шығуына байланысты;

· әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Рауза Әлиева – отставкаға шығуына байланысты;

· Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Жанна Ақпаева – өз қалауы бойынша;

· Алатау аудандық сотының судьясы Дәурен Айқұлов – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша.

Абай облысы бойынша:

· Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ескендір Шыныбаев — өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Ақмола облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Бауыржан Әлжанов – өз қалауы бойынша. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Алматы облысы бойынша:

· Талғар аудандық сотының судьясы Хайдар Әбдіғұлов – өз қалауы бойынша;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Мэлс Ыдырысов – өз қалауы бойынша, судья өкілеттігі тоқтатылды.

Атырау облысы бойынша:

· Атырау қалалық сотының судьясы Айдарбек Дүйсебалиев – отставкаға шығуына байланысты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

· Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Әсел Ғайнединова – басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

Жамбыл облысы бойынша:

· Шу аудандық сотының төрағасы Мар-Лен Тілеубеков – отставкаға шығуына байланысты.

Жетісу облысы бойынша:

· Көксу аудандық сотының төрағасы Гүлжазира Садабаева – отставкаға шығуына байланысты.

Қостанай облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Ибрагим Дезиев – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Абай Раисов – отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай қаласының №2 сотының судьясы Нұрлан Бекішев – отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай ауданаралық сотының судьясы Серік Айбасов – отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай ауданаралық сотының судьясы Арман Бүркітбаев – отставкаға шығуына байланысты;

· Мендіқара аудандық сотының судьясы Амангелді Ертішпаев – отставкаға шығуына байланысты;

· Рудный қалалық сотының судьясы Гүлсім Иманбаева – өз қалауы бойынша.

Қызылорда облысы бойынша:

· Жалағаш аудандық сотының судьясы Асылхан Мизанбаев – қайтыс болуына байланысты.

Маңғыстау облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Серікқали Бердібеков – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

· Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Тұрар Алданов – өз қалауы бойынша;

· Мұнайлы аудандық сотының судьясы Қанат Нұрғабылұлы – басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

Павлодар облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Әділет Бақтияров – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұржан Омаров – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Екібастұз қалалық сотының төрағасы Руслан Сәрсен – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Бекбол Баймаханов – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

· Петропавл қаласының №2 сотының төрағасы Ерлан Ибраев – соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты.

Түркістан облысы бойынша:

· Ордабасы аудандық сотының төрағасы Айжан Сатыбалдиева – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімімен судья өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты;

· Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы Құралай Садырова – отставкаға шығуына байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

· Алтай ауданы сотының төрағасы Айнұр Садықова – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button