Бас тақырып

Мамандық алып беретін кәсіпорын

Альбина Сивенкова – Сарандағы KamaTyres KZ шина зауыты құрастыру секторының инженер-технологы. Зауыттың білікті мамандарды жұмылдырып жатқаны жайында ғаламтор бетінен біліпті. Бірден Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген ол аз уақыттан соң іскерлік жүздесуге шақырту алады. 

– Жұмыс деген де адамның тағдыры ғой. Басында үміттен күмән басым болған. Зауытқа орналасу үшін 11 жылдық орта білім жеткілікті көрінеді. Бірақ, біліктілікті арттыру қажет. Осы мақсатта Татарстандағы Нижнекамск қаласына барып, тағылымдамадан. өттім. Жасырмаймын, өмірі қыз-қыз қайнап жатқан алып өндіріс ошағының бір мүшесі болу бойға үрей ұялатты. Өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен таныса келе, онда шынымен де өз ісінің мамандары жұмыс істейтініне көзім жетті. Олар да жылдап жинақтаған тәжірибелерін бөлісуден танбады.. Нижнекамск біз секілді жас мамандарға мол мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біз арнайы техниканы іске қосу, оңдау. жұмыстарына және техникалық құжаттаманы әзірлеуге белсене кірісіп жатырмыз. Кәнігі маман ретінде біз жұмыс сапасын қадағалай отырып, шина нарығында алпауыт компаниялармен лайықты бәсекелес боламыз деген сеніміміз зор, – дейді Альбина Курвангалиқызы.

– 2021 жылы жаңа өндіріс ошағының ашылуына байланысты, кадрларды іріктей бастадық, – дейді Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марина Шегай. – Бөлім бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларының қоғамдық және сауда орындарында, Абай және облыстың басқа аудандарында да кең ауқымды. бірлескен ақпарат таратуда. Осы уақыт ішінде бізге 3500 түйіндеме келіп түсіпті. Жүйелі әрекет шеңберінде жүздеген адам жұмысқа тұрды. Дуальді оқудан өтіп, кәсіпорынға орналасқандардың 177-сі Сараннан, қалғандары Қарағандыдан және жақын маңдағы елді мекендерден келді.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы отандық Forza шинасы 2022 жылдың 13 желтоқсанында KamaTyresKZ конвейірінен шыққан болатын. Бірегей. жобаның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Татнефть» жария акционерлік қоғамының бас директоры Наиль Маганов және Allur компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысқан болатын. Содан бері іргелі компанияның жұмысында іркіліс жоқ.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button