Басты тақырып

Малғұн

Қор болды жаным,

Сенсіз де менің күнім.

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе Алла,

Не көрмейді пәндә?

(«Абай». І-том, 95-бет).

«Жазушы» баспасы.

2005 жыл).

Баламын. Аққорада күн күркіреп, найзағай ойнады. Үйге қашып кір­дік. Ауылда жоғары кернеулі электр энергиясы болмаса да, телефон байланысы бар. Жел соққанда сымдары «ән» салып тұратын. Шатыр-шұтыр. Жай столбыға түскен. Жуан-жуан діңгектер бірінен кейін бірі қақ айырылып, отқа оранып жатыр. Шошып кеттім.

Құлыным, қорықпа, Алла шайтандарды қуалап жатыр. «Астапыралла» деп тұр. Әйтпесе шайтандар үйге, қойныңа кіріп кетеді, – деп бауырына басты анам. Қалтырап тұрған бойым жалын атып қоя берді.

***

Алла Адам атамыз бен Хауа анамызды осы жерге көрешегін көрсін деп жіберген дейді көне әпсана. Шайтанды қосақтап. Екі періште Адам мен Хауаның иығында. Жерге түскеннен кейін қарындары ашады. Жұмақ жоқ. Осыны пайдаланған шайтан Малғұн деген баласын сойып, пісіріп, дәмдеп, тұздап, жегізіп жіберіпті.

Содан бері іштегі шайтаннан Адам атаулы құтыла алмай жүр.

Мағауия СЕМБАЙ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button