Басты тақырыпОблыс әкімі

Мәрт Генаның пейілі

Туған жерге ат басын тіреген Геннадий ГОЛОВКИН осы сапарында жағымды жаңалығын ала келді. Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВПЕН кездескен боксшы Қарағандыда балалар спорт алаңын тұрғызатынын жеткізді.

Жаңа алаң Майқұдықтағы 14-ші шағын ауданда салынады. Құрылыс жұмыстары чемпионның есебінен жүргізіледі.

Ел Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде бастама көтерді. Кәсіпкерлерді, табысты азаматтарды өздерінің кіндік қаны тамған жерлеріне қамқорлық көрсетуге шақырды. Біреу мектеп салуы мүмкін, біреу аулаларды абаттандырумен айналысуы мүмкін. Көптеген бизнесмендер бұл бастаманы қолдады, – деді облыс әкімі кездесуде.

Бұл орайда Геннадий Головкин де қарап қалмайтындығын айтты.

Тамаша бастама! – деді боксшы, – Мен де қуана-қуана бұл бағдарламаға қосыламын. Өзім бір кездері тұрған, өскен үйдің ауласында балалар спорт алаңын тұрғызып бергенім дұрыс деп ойлаймын. Елбасының бастамасын толығымен қолдаймын.

Гена уәде бергендей, жаңа алаң 14-ші шағын ауданда келесі аптада пайда болуы тиіс.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button