Мәдени орталықтағы мәнді әңгіме
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің сарбаздары Теміртау қаласында орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің мәдени орталығында болып, Елбасы өмірбаянына қатысты мәліметтермен жете танысты.
Сарбаздардың экскурсиясы «Еліміздің Тұңғыш Президенті – жаңа Тәуелсіз елдің іргесін қалаушы, Қазақстан халқының көшбасшысы» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Экскурсия жетекшілері оларды Мемлекет басшысы мәдени орталығының залдарындағы жәдігерлермен толыққанды таныстырып, олардың алуан түрлі сауалдарына жауап берді. Жеке құрам егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы дәрістерді де тыңдады.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.
Суретті түсірген автор.