Бас тақырып

Жалпыұлттық аза тұту рәсімі туралы

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту кезінде мынадай шаралар қабылданады:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Мемлекеттік Ту ұлттық аза тұту мерзімі ішінде ту бағанының биіктігінің жартысына түсіріледі. Алдағы аза тұту кезінде тулар 12 маусым күнгі сағат 00:00-ден 13 маусым күнгі сағат 00:00-ге дейінмемлекеттік мекемелер мен әскерибөлімдерде түсіріледі;

2. Жалпыұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары мен хабарлар тоқтатылады, ал арналардың бенйнелері ақ-қара түсті болып өзгереді. Эфирден кез-келген жарнамалық баннерлер, ойын-сауық және интерактивті элементтер алынып тасталады. Радиода дабарлық музыкалық хабарлар алынып тасталады;

3. Ел бойынша барлық ойын-сауықшаралары (мысалы, корпоративтер, фестивальдер және т.б.) тоқтатылады. Сонымен қатар, аза тұту кезінде ойын-сауық орындары да қызмет көрсетпейді;

4. Жалпыұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік іс-шаралар үнсіздік сәтпен басталады (Үкімет, Мәжіліс отырыстары жәнет. б.);

5. Азаматтар қаза тапқандарды еске алу үшін гүлдер, шамдар және басқа да заттар қойылатын қайғы-қасірет орындарын ұйымдастырады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button