Облыс әкімі

Өлке өнері биіктен көрінді

    «ЭКСПО – 2017» Көрмесінде өткен қарағандылық жұлдыздардың гала-концерті үлкен табысқа ие болды.

Ұйымдастырушылардың мәл­ім­деуінше, «ЭКСПО» Амфитеатрына шамамен 10 мыңдай көрермендер жиналған. Ауа райының күрт өзгеруі мерекеге кедергі болмады. Көрермендер сахна маңынан қойылым аяқталғанша ұзамады.

Бұл мереке Қарағанды облысының Мәдениет күндері шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Аймақтағы өнер майталмандары мен Қазақстан эстрадасындағы жерлестеріміз бірігіп өнер көрсетті.

Концертті ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, сенаторлар мен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері тамашалады.

Гала-концертке 400-ден астам қарағандылық артистер қатысты. Көрермендер бір сахнада бірден үш оркестрді: симфониялық, академиялық және джаз ұжымын сирек кездестіруге болатынын атап өтті. Қойылым соңында екі дирижер бәсекелесті.

Жиналған қауым еліміздегі жалғыз музыкалық комедия театрының қойылымын ду қол шапалақпен қарсы алды. Хореографиялық ансамбльдер ұлттық биден бастап, степке дейінгі түрлі жанрлармен жиналған жұртты қуантты.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары «ЭКСПО» алаңында өз жерлестерімен бірге өнер көрсетуді қуана қолдады. Гала-концертте Бекболат Тілеухан, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болман, Ерлан Көкеев, «К-7», «Ұлытау», «Ақанай» топтары, Болат Құсайынов, Жәмилә Баспақова, Жан Тапин, Қайрат Баекенов, «Формат» тобы, Роман Ким, Нұржан Керменбаев және «Арнау» дуэті өнер көрсетті. 

Концертке қатысу туралы ұсыныс түскенде, қуана қабыл алдым. Мен дарынды жандарға бай өзіміздің Қарағанды аймағын мақтан тұтамын. Бүгін мына сахнада жұлдыздар шеруі болды. Мен үшін бұл – өзімнің жаныма жақын ұжымдарыммен өткен гастроль секілді. Мен туған Теміртау, Қарағанды қалаларында болғанды ұнатамын. Жерлестерімізді қолдау мен үшін жауапты міндет әрі құрмет, – деді Қазақстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова.

«Астана Операның» жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин де Сарыарқа өнерімен сабақтасу мүмкіндігін қуана қарсы алғанын айтады.

Қарағанды облысы әрдайым жоғары шығармашылық әлеуетімен көзге түскен. Қарағандының көптеген тумалары әлемдік даңққа ие. Мен осындай жұлдызды топпен бір сахнада тұрғаныма өте қуаныштымын. «ЭКСПО» – бірегей оқиға. Және де біздің елімізге осындай халықаралық дәрежедегі көрмені өткізу мүмкіндігін сеніп тапсырғанын және қазақстандықтар ол міндетті сәтті орындағанын мақтан тұтуымыз қажет, – деді ол.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button