Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН ЖЕРІНІП ЖҮРМІН

…Қоғамдық пікірдің қоймасы бола ма деген үмітім қоқыс жәшігіне алып келгендей күйге түстім. Басып қалыңыз, ашып қалыңыз… Әлдекімдердің ішкен-жегені мен барған тойы, былжырақ ойынан көз сүрінеді. Кімге керек еді Сіздің түстік тағамыңыз бен данышпан болмақ «талабыңыз»?

 

Иә, бұрын «Ауыз – өзімдікі» деп көлгірсуші едік. Қазір «Парақша – өзімдікі» деп, әлеужеліге ауызға келгенді «құсып», ойға келгенді сандырақтай салатын болдық. Табалау да – осында, абалау да – осында. Бәрі – ақылман, бәрі – данышпан. Ұл-қызы жалаңаш суретін жариялап жатқандардың әкесі ұлтқа ақыл айтып отыр. Шаш бояп, шалбар киген «әжелеріміз» орамал, хиджаб туралы пікір айтып, Зейнеп апайдың (Зейнеп Ахметова) жаулығына жармасып жатыр. Зиялы дегендеріміз Сәкеннің сүйегін сүйреп, Абайға күмәнмен қарап жүр. Осының бәрі – әлеуметтік желіде.

Тым болмаса, Абайдың портретіне бір қарап, неге абайламайды екен осы ақылмандар? Қош бол, әлеуметтік желі!

Ерсін МҰСАБЕК,

«Ortalyq Qazaqstan» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button