Әлемді құтқаратын қойма

Егер, әлемде апат болып, жер бетіндегі өсімдік атаулы жойылып кетсе не болады? Ғалымдардың пайымдауынша, қазіргі таңда жердегі тіршілікке қауіп төндіруші факторлар көп. Мәселен, ядролық соғыс, жаһандық жылыну, экологияның ластануы және метеориттердің құлауы.

 

Өсімдіктің жойылуы – ақырзаманның бастауы. Сондықтан да, ғалымдар Шпицберген аралына ерекше қойма салған. Солтүстік полюстен 620 миль (1125 км) биіктікте, 390 фут (120 метр) тереңдікте орналасқан бункерде 500 мыңнан астам өсімдіктің тұқымы сақтаулы тұр. Егер, қандай да бір апат болып, жердің биологиялық қабаты бұзылса, адамзат осы тұқымдарды пайдалану арқылы флораны қалпына келтіре алады.

Адамзат үміт артқан үңгір елсіз иен далада орналасқан. Оның құрылысының беріктігі ядролық қаруға төтеп беруге қауқарлы. Ғалымдардың айтуынша, жер бетінде қандай апат болса да, бункердегі тұқымдарға еш залалын тигізбейді.

Маржан терген Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ.