Латын әліпбиінің тамыры тереңде
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы бастамалардың маңызын бойға сіңіріп, бірінші болып қолдау көрсетуіміз керек.
Елбасы 2012 жылы желтоқсан айында Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін жария еткен болатын. Осынау жағымды жаңалықтың қашан қолданысқа енетінін асыға күткеніміз рас. Тіліміз бен тарихымызды төрге шығаратын маңызды мәселенің сәті түскеніне қуаныштымыз.
Президент осы мәселенің пісіп жетілгенін бағамдап, 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдармен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін қадап айтты. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға әзірлік жұмысын жасау қажет. Латын тілі – әлем өркениеті мен техникалық прогрестің әліпбиі. Елбасы мақаласының маңызын терең түсініп, оны орындауға, білек сыбана кірісуге, әрбір қазақстандық міндетті. Біздің ендігі борышымыз тіліміздің мол қорын келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру деп ойлаймын.
Енжарлықтан арылып, ұрпақтың келешекте сауатты болып, өзгелермен терезесі тең тұрғыда ой таластыруы үшін бүгіннен бастап 1929 жылдан 1940 жылға дейін ата-аналарымыз жазып, оқыған латын тілін үйренуге, қолдау білдіруге шақырамын!
Жолмұрат КЕҢЕСОВ,
«Приозерск қаласының
мемлекеттік архиві» КММ-нің
басшысы.