Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшудің тарихи және ұлттық маңыздылығы туралы айрықша тоқталып өткен еді. Аталған мақала жарық көргеннен бері де біраз уақыт өтті. Өз кезегінде, ел ғалымдары Көшбасшымыздың назарына бірнеше жоба ұсынып, қазақ әліпбиінің болашақта қандай болары туралы болжамдарын жасаған еді. Сөйтіп, күні кеше ғана Президент Н.Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды.
Біз бұл Жарлыққа қол қойылуын өте үлкен оптимизммен қарсы алдық. Өткен ғасырдың 20-40 жылдары қолданысымызда болған латын әліпбиіне қайта оралу – жаңаша дамудың құралы. Қазақтың төл әліпбиін жасау және оны дүниежүзілік танымал тілдерге негіздеу – ауқымды жұмыстардың атқарылуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан, тарихи, ұлттық маңызы зор бастамаларға үрке қарамай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына бір кісідей ат салысуымыз қажет деп білемін.
А.ЖҮНІСОВА.
ШАХТИНСК қаласы.