Бұқар жырау

Ұлан – «Шабыт» жеңімпазы

    Күні кеше әлем елдерінің 500-ге тарта өнерпазы бақ сынап, жеңіс төріне ұмтылған ХХ «Шабыт» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Бірнеше номинация бойынша өткен кілең жүйріктің арасында жерлесіміз Ұлан БАҚЫЖАНОВ қара үзіп, жеңіс төрінен көрінді.

Қазақтың қара домбырасынан қуат алып, бала күнінен серік еткен Ұлан халық музыкасы номинациясында 30 домбырашының ішінен бас жүлдені қанжығасына байлады.

Доскей ақын есімін арқалаған ауылда туып өскен Ұлан Бақыжанов бала күнінен ауданымыздың, облысымыздың абыройын асқақтатып жүрген өнерлі жас. Бүгінде кәсіби музыка маманы Астана қаласындағы «Сарыарқа» ансамблінде ұлттық мұрамызды насихаттаушылардың бірі.

Небір дүлдүлдер өмірге келіп, ұлттық қазынамызды молайтқан өңірден өнеге алып, үлкен өмірге қадам басқан Ұланның жеңісіне шын жүректен қуана отырып, алар асулары алда екендігіне сенім білдіреміз.

Зәуре ТӨЛЕУБАЕВА.

БҰҚАР жырау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button