Кооператив – кiрiс кoзi

    Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға күш салынуда. Қазіргі таңда ауданда 20 кооператив қызу жұмысқа кірісті.

Кооперациялар игілігіне 3 модульдік сүт қабылдау пункттері мен 1 инкубатор сатып алынды. Кооперативтер өндірген өнімді тарату жұмыстары жолға қойылды. Мәселен, Белағаш ауылындағы «Ташик» кооперативі – 27 тонна, Ростовка ауылындағы «Қызыл-Жар» кооперативі – 82 тонна сүт тапсырса, Доскей ауылындағы «Қызылқұдық» және «Доскей» кооперативтері, тиісінше, 2,6 және 2,5 тонна ет өткізді. Кооперативтер өндірген сүтті «РЕН-Милк» сүт фабрикасы қабылдауда.

Сондай-ақ, ауданда кооператив құру, мал бордақылау алаңдарын ашу арқасында жұмыссыздықты жоюға жол ашылуда. Бұл бағытта былтыр 510 ірі қараға шақталған 90 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылды. Яғни, жүзге жуық шаңырақ тұрақты табысқа ие болды деген сөз. Жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды межеледі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.