Конституциялық кеңесте – тұрғын үй мәселесі

Конституциялық кеңеске қатысқан Елбасы Ата Заңды құрметтеу және қатаң сақтау елдің сәтті дамуының кепілі екендігін және Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл мәселенің өзектілігін атап өтті.

«Азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми бүгінгі отырыс еліміздің конституциялық дамуы тарихында айтулы оқиға екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі», – деді.

«Азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми бүгінгі отырыс еліміздің конституциялық дамуы тарихында айтулы оқиға екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 71­бабының 1­тармағына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі», – деді.

Жоғарғы сот төрағасы азаматтардың тұрғын үй құқық тарын қамтамасыз ету мә селесінде заңнаманың кей тұстары түсініксіз екенін айтады. Мысалы, тұрғын үйді жалға алушы мен оның отбасы мүшелері немесе онымен

бірге тұратын өзге де адамдардың біреуі еліміздің кез келген жерінен баспана алатын болса, онда олардың барлығы жалдамалы тұрғын үйден шығарылады. Бұл талап азаматтардың құқығын шектейді.

Заңның аталған нормасы жетілмегені және азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін екендігі айтылды. Кеңес отырысы барысында Үкімет, Парламент Сенаты және Мәжілісі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдері мен сарапшылардың пікірі тыңдалды. Жиынға қатысушылардың пікірлері мен жауаптарынан кейін Конституциялық Кеңес нормативтік қаулы қабылдады. Аталған қаулы басылымдарда жарияланады. «Мемлекеттік әлеуметтік саясат тұрғысынан заңнамалық базаны жетілдіру ерекше маңызға ие», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, тұрғын үй құқығын іске асыру мәселесі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігі айтылды.

Өз тілшімізден.