Жаңалықтар

Конституция туралы қызық дерек

Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ.

Әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады екен. Атап айтқанда, Конституция парламент, құрылтай жиналысы, референдум немесе аралас тәсілдер арқылы қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында мақұлданыпты. Ресейдің, Беларусьтің негізгі заңдарының қазіргі редакциясын мемлекет басшысы әзірлеп, ол бүкілхалықтық референдумда күшіне енгені белгілі.

Басқа материалдар

Back to top button