Қарағанды қалалық полиция басқармасына компьютерлік клубтың иесі хабарласып, белгісіз біреудің мекемеге кіріп, құрал-жабдықтар – мониторлар, процессорлар мен видеокарталарды ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады.
Жедел іздестіру іс шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы бағдарламашыны ұстады. Ол қылмысын толық мойындап, одан айғақты заттар алынды. Аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ