Ресми

Комплаенс: жемқорлықпен тиімді күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекет пен қоғам үшін ең өткір мəселелердің бірі. Бүгінде сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретіндей дəрежеге жетіп отырғаны да жасырын емес. Қазақстан мақсатты түрде кезең-кезеңімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, əлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен жүріп келеді.

Мемлекеттің қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты превенцияға баса мəн береді. Қылмыстық заңнаманы қатайтумен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарымен күресуге дейін жеткізбестен, оның алдын алу жəне ескерту шараларына көбірек басымдық берілуде.

Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің алдында білім беру қызметтерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенді саясатын жалғастыру міндеті тұр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді кеңейту, білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет пен парасаттылық тақырыптарын енгізу мəселелері көзделген. Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет негіздері» элективті пəнімен толықтырылды.

Университетімізде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының оқу жұмыс жоспарларына «Құқық негіздері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет» пəні енгізіліп, оны студенттер 5 кредит көлемінде оқиды. Одан бөлек, парасаттылық жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет тақырыптары заң əдебі, заңгер қызметіндегі əдеп нормалары, ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлім), криминология, заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жүйесі, экономикалық жəне салықтық қылмыстарды тергеп-тексеру, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық жəне экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жəне басқа да пəндерді зерделеу кезінде қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – адамгершілік, зияткерлік, мəдени тұрғыдан дамудың жəне сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тəрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстанда квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құру заңнамалық тұрғыдан бекітілген.

2023 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жəне мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Қабылданған түзетулердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысына да қатысы болды.

Атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады, оның негізгі міндеті сол ұйымның жəне оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға ықтимал мүдделер қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

Өзінің тиімділігін көрсеткен алдын алу шараларының бірі ретінде жоғары білім беру жүйесінде комплаенс-қызметтерді енгізу тəжірибесін атап өткен жөн. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылған болатын.

Комплаенс-қызмет жұмысының негізгі мақсаты – қоғамның, оның қызметкерлері мен білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін тəуелсіз талдау мен бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, білім беру процесінің ашықтық деңгейін арттыру, құқықтық мəдениетті жетілдіру жəне басқа да шараларды іске асыру.

Комплаенс-қызметтің маңызды функциялары мен міндеттері – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, Корпоративтік əдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жəне басқа да заңға қайшы іс-қимылдар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі құжаттарды əзірлеу, жоғары оқу орнында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жəне т.б.

Осы міндеттерді орындау үшін Директорлар кеңесі 2022 жылдың 2 маусымында аталған қызметтің 2022-2023 жылдарға арналған кешенді жұмыс жоспарын бекітті, сондай-ақ университет облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады.

Жоспарлы іс-шараларды сапалы түрде іске асыру парасаттылық пен академиялық адалдық құндылықтарын ілгерілету үшін қолайлы орта құруға, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін болдырмау, оларды анықтау жəне азайту, қоғам қызметінде мүдделер қақтығысын жою бойынша жүйелі жұмысты жолға қоюға, өз қызметкерлерінің жосықсыз іс-əрекеттерінен орын алатын материалдық, қаржылық шығындарды жəне беделін өсіруге бағытталған шығындарды болдырмауға, қажетті ұсынымдар əзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта университетте бағдарламалық құжаттар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша əдістемелік ұсынымдар, білім алушыларға сыбайлас жемқорлықты бағалау жəне қабылдау, білім беру қызметтерін ұсыну сапасы мəселелері бойынша сауалнама (əлеуметтік пікіртерім) жүргізу тəртібі туралы ереже, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар ұғымдарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне оған қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жадынама əзірленіп, бекітілді. Əдістемелік жəне түсіндірмелік сипаттағы басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданды.

Қоғамның оң имиджін сақтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өткен жылдың 3-тоқсанында сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуды болдырмау, анықтау жəне азайту, мүдделер қақтығысын, əдепсіз мінез-құлықты жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзге де бұзушылықтарын жою үшін «Жедел желі» жүйесін іске қосып, өзектендірді.

Университет сайтында студенттерді, қызметкерлерді жəне университет қонақтарын қолдау жəне олармен адал қарым-қатынас жасау үшін Басқарма төрағасы-ректордың жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының блогтары құрылды жəне жұмыс істейді.

«Жастар Əлемi» – «Мир Молодежи» студенттердің өңірлік газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға байланысты өткізілген іс-шаралар ай сайын жарияланады.

Бұл жұмыста облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, жұртшылықпен, студенттік өзін-өзі басқарумен ынтымақтастық жəне өзара іс-қимыл маңызды фактор болып табылады.

Бүгінгі таңда комплаенс-қызмет корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау үшін тəуелсіз əрі тиімді жұмысымен жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың жол нұсқаушысына айналып отыр.

Бұл ретте, корпоративтік басқаруды табысты іске асыру, имиджді нығайту үшін ғылым жəне білім беру процесіне қатысушылардың барлығының келісілген жəне үйлестірілген күш-жігері қажет, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік əрбір қызметкер мен білім алушының азаматтық ұстанымы, ал академиялық адалдық қалыпты мінез-құлық нормасы болуы тиіс. Жоғары оқу орнының стратегиялық бағыттарының бірі – əлеуметтік-жастар саясаты. Оның мақсаты – студент жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға тарту, табысты əлеуметтендіру, белсенді азаматтық ұстаным мен əлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Студенттер мен жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Таза сессия» акциясы айтарлықтай ықпал ететінін атап өткен жөн. Бұл акция құқықтық сананы қалыптастыру жəне профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында сессияаралық кезеңде өткізіледі жəне жоғары оқу орны басшылығының, студенттік өзін-өзі басқару органдарының, кəсіподақтың жəне т.б. қолдауымен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, студенттердің өтініштерін жедел қабылдауды, есепке алуды жəне қарауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне оған қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында университеттің фойесі мен оқу ғимараттарында ұсыныстар мен ескертулерге арналған «сенім жəшіктері», ал жоғары оқу орнының порталында: «емтихан сессиясы бойынша сұрақтар» айдары орналастырылады. Сонымен қатар, емтихан сессиясы кезінде жағымсыз фактілерге байланысты проблемаларды ашық талқылау ұйымдастырылады.

Студенттердің академиялық адалдықтың бұзылғаны туралы сенім телефонына, «жедел желі» арқылы хабарлауға, Басқарма төрағасы-ректордың блогына жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының блогына жүгінуге мүмкіндігі бар.

В.ОЛЕЙНИК,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button