Жаңалықтар

Кешкі «Мұражай променады» қарағандылықтарды қалай қызықтырды?

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кешкі «Мұражай променады» өтті. Тағылымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұражайлар шеруі» республикалық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған. 


Жастар сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтарға қатысты. Сақ мәдениеті залында «Көшпенді өркениет мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының маманы Дайыр Қыдырғалиұлы  түркі сауаттылығы бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Мұражай қызметкерлері келушілерге квесттер мен викториналар дайындады. Тарих білгірлері мұражай кафесінде шай мен тәттілерге айырбастауға болатын арнайы банкноталарды ұтып алу үшін сайысты.
Кешкілік «Мұражай променады» қарағандылықтарға қатты ұнады. Қатысушылар осындай акцияның жиі өткізілуіне тілек білдірді.
«Мұражайлар шеруі» эстафетасын басқа мекемелер де қабылдады.
22 қараша күні кешке ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы «Үлкен жолдың кезеңдері» атты іс-шараға шақырады.
21 желтоқсанда Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы викториналар, байқаулар және интерактивті ойындар қарастырылған «Мұражай түні. Жаңа жылдық әбігер» шарасын өткізбек.
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы 2020 жылдың қаңтар айында келушілерге арналған «Қысқы ойындар мен қамқорлық» ойынын жоспарлап отыр.
Келесі жылы республикалық акцияға облыстың қалалары мен аудандарының мұражайлары да қатысады.
Республикалық «Мұражайлар шеруі» акциясы 2019 жылдың тамыз айының соңында басталды. Шараны бүкіл ел бойынша қолдады. Оның шеңберіндегі барлық іс-шаралар, көрмелер мен кездесулер тегін өтеді.
Акция әрбір қазақстандық үшін ұлттық мәдени мұраның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мұражай қызметкерлері шара арқылы жаңа форматтарды пайдаланады.

Басқа материалдар

Back to top button