Кәсіпорын қызметі мінсіз

Соңғы бес жылда «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің электр желілері 291 шақырымға ұзарған. Нәтижесінде, желі ұзындығы 6819 шақырымды межеледі.

Биыл серіктестіктің қызмет көрсету аумағы 21400 шаршы шақырымды құрады. Мұнда Қарағандымен қатар, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалалары қамтылды. Тұтынушылар қарасы артуда. Бүгінде олардың саны 246273 абонентті еңсерді.

Былтыр «Қарағанды Жарық» электр желілерін қайта қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарының кезекті кезеңін атқарды. Электр энергиясын есептеу құрылғылары автоматтандырылды. Мың жарымнан астам заманауи қондырғылар қойылды.

Жаңғырту шаралары жалғаса бермек. Бұл үшін кәсіпорын ұжымы қызу жұмыстар жүргізуде.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.