Кәсіпкерлікке қамқорлық – өркендеу алғышарты

Қарағанды облыстық мәслихатының алдағы кезекті сессиясында «Бизнеске қолдау көрсетуге және дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» мәселе қарастырылмақ.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне және халықтың тұрмыс жағдайын әрі қарай арттыру міндеттеріне аса зор мән берілген. Президент «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімділігіне баса назар аударып, бұл бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту туралы тапсырма берді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша, кем дегенде, 30 млрд. теңге қарастырылған. Бұл үш жылдың ішінде, кем дегенде, 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 224 млрд. теңге салық пен 3 трлн. теңгеге өнімнің өндірілуі қамтамасыз етіледі.

Қарағанды облысында бизнеске қолдау көрсетуге және дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен қоғамдық өзара әрекеттесу құрылғыларының бірі – «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету облыстық кеңесі. Кеңес сабағаттық-кеңесші орган болып табылады, ашықтық және заңдылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып әрекет етеді. Кеңес қызметінің негізгі мақсаты – облысымыздағы көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы әрекет ету міндеттерін шұғыл және жүйелі түрде шешу. Басты міндеттері – облыс территориясындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпалдасу, облыс территориясында қоғамдық институттарды дамыту, облыстың кәсіпкерлік қауымдастығымен өзара әрекеттесу, облыс территориясында кәсіпкерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру ісіне қатысу.

Қарағанды облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету кеңесінің ай сайынғы отырыстарында жүйелі мәселелермен қатар жеке сұрақтар да қарастырылады, бизнес субьектілерінің заңды мүдделеріне қысым көрсетілуіне байланысты нақты жағдаяттарды шешу жолдары уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен талқыға салынып отырады. Кеңесте қарастырылатын мәселелер жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, ішкі істер органдары әрекеттерінің заңдылығына қатысты және табиғи монополиялар мен т.б.салалардағы статистика, инновациялық даму мен өнеркәсіптік қауіпсіздік сияқты өзге органдардың әрекеттеріне қатысты қарастырылады.

Мысалы, Шахтинск қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемесіне қатысты туындағын жүйелі мәселелер оң шешімін тапты. Долинка, Новодолинка және Шахан кенттеріндегі жер салығының мөлшерлемелері бұл елді мекендердің территориялық мәртебесіне қатысты шиеленіске орай 8 есе көтеріліп жіберілген болатын. Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі бұл елді мекендерді «қысқартып», оларды қаланың бір бөлігіне жатқызды. Кәсіпкерлер бір шаршы метр жер үшін ҚР Салық Кодексімен бекітілген 0,96 теңгенің орнына 8,2 теңге төлеуге мәжбүр болған. Сонымен қатар, елді мекен мәртебесінің негізінде алынатын жер салығының төлемі мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің мөлшері екі түрлі – бизнес «бір аяғымен» қалада, екіншісімен кентте тұрғандай. Сонда кенттердің территориясынан алынатын жер салығы облыстық маңызы бар қала сияқты алынып отырған, ал алкогольдік өнімді сату үшін алынатын лицензиялық алым кент мәртебесінің негізіндегі елді мекен ретінде алынып отырған. Жергілікті атқарушы орган Үкіметке жерді көрші аудандарға беру туралы ұсынысын жасады. Бұл ұсыныс қолдау тапқанымен, сол мерзімде жұмыс аяқсыз қалған болатын. Жерді беру заң жүзінде жүзеге аспай қалды, ал, жер бөлімі сол мезетте салық мөлшерлемелерін заңсыз қолданып кетті. Кеңес облыс әкімдігіне осы елді мекендердің мәртебесін анықтау және территорияны ажырату бойынша мәселені реттеуге ұсынымдар жолдады. Сонымен қатар, облыс прокуратурасына үндеу жолданды және үндеуді қарастыру нәтижесі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаментіне 0,96 жүктемесін пайдалану бойынша ұсыныс жасалды. Прокуратураның бұл ұсынысы қанағаттандырылып, салық төлеушілердің өтініштері бойынша артық төленген сома (5 жыл ішіндегі) есепке алынды. Кәсіпкерлердің қорғалған құқықтарының сомасы 210 млн. теңгені құрады.

Өзге де мысалдарды келтіретін болсақ, Қарағанды қаласының «Шығыс» сауда үйінің кәсіпкерлері мемлекеттік кірістер органдары мен көлік инспекциясының негіздемесіз тексерістері сияқты заңсыз әрекеттеріне тап болған. Бұл мәселе Кеңес отырысында қарастырылып, облыстың Мемлекеттік кірістер департаментіне үндеу жолданғаннан кейін заңсыз тексерістер тоқтатылды.

Кеңесте мемлекеттік сатып алулар саласындағы мәселелерді қарастыру нәтижесі бойынша «AsiaBell» ЖШС және «Буторина» ЖК үлгісіндегі заңсыз сатып алулардың нәтижелері жойылып, мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші кәсіпкерлерге жалпы көлемі 16 млн.теңге сомасындағы қарыздары қайтарылды.

Приозерск қаласының полиция қызметкерлері тарапынан болған әрекетсіздік фактілерін қарастырғаннан кейін, сонымен қатар, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту құқығына байланысты және облысымыздың Ішкі істер департаментіне жолдаған Кеңестің үндеуімен жеке кәсіпкер Н.В.Трифонованың заңды мүдделері мен құқықтарды бұзу туралы мәселе оңды шешімін тапты.

Кеңестің көшпелі отырыстарының практикасы жалғасын табуда. 2018 жылдың қараша айында онлайн режимінде Бас прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысы прокуратурасында көшпелі жиналыс өткізілді. Ал, 2018 жылдың желтоқсан айында Жезқазған қаласында жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылды. Кеңес төрағасы С.Төрегелдинмен көшпелі түрде кәсіпкерлерді жеке қабылдаулар өткізіліп отырады. Осылайша, 2018 жылы Жезқазған, Шахтинск, Қарағанды, Саран қалалары мен Абай, Осакаровка аудандарында осындай қабылдаулар жүзеге асырылды. Мәселен, Жезқазғанда «Аргымақ агро» СПК басшысы З.Жомартов Кеңестің көшпелі отырысында 2015 жылы жылқылардың аналық мал басын сатып алу үшін 24 млн. 750 мың теңге несие алғанын айтты. Оған жылдық 14%-дың 10%-ын субсидия түрінде мемлекет төлейді делінген екен. 2015 жылы несиеге демалыс берілді, ал 2016 жылдан бастап кәсіпкер несиесін жаба бастаған. Субсидия болған жоқ. 2017 жылы ферма қожасы несие төлеуден бас тартқаннан кейін ғана ақшасын қайтара бастаған. Дегенмен, 2015 және 2016 жылдар үшін 4 млн. 700 мың теңге көлеміндегі субсидиялар сол қалпынша қайтарылмаған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерді бір-біріне «итеріп тастауда». Бұл ниетсіз шенеуніктердің мемлекеттік кепілдемелерді үнемі орындамайтындығының анық айғағын көрсетіп тұр. Кеңес З.Жомартовқа сотқа жүгінуге кеңес берді. Бұл істе кәсіпкердің құқығын қорғау бойынша Кеңестен қолдау көрсетіледі.

Кеңестің сапалық құрамы да көп нәрсені баяндайды. Облыстық кеңеске Серік Төрегелдин басшылық етеді. «Азаматтық одақ мықты Қазақстан үшін» ЗТҚ президенті. Кеңес қызметінің тиімділігі республикамызда жоғары бағалануда. Республикалық кеңестің көшпелі отырыстары Кеңестің бұрынғы төрағасы Ғани Қасымовтың қатысуымен Қарағанды қаласында онлайн режимінде барлық облыс орталықтарын, Астана мен Алматы қалаларының қосылу арқылы өткізілген болатын. Өткен жылдың мамыр айында осы режимде көшпелі отырыс Қарағанды қаласында республикалық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов қатысуымен өткізілді. ІІМ бұрынғы министрі, саяси және қоғам қайраткері, құқық қорғау жүйесінің ардагері облыстық кеңестің қызметіне жоғары бағасын беріп, С.Төрегелдинді еліміздегі кәсіпкерліктің құқықтық міндеттері мен кәсіпкерлер құқығын қорғау ісіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттап өткен болатын. Сонымен қатар, облыстық кеңестің өзінің қызмет ету мерзімі ішінде кәсіпкерлік пен бизнестің көптеген жүйелі сұрақтарын оңтайлы шешіп, жүздеген кәсіпкердің құқығын қорғай алғандығы туралы атап көрсетілді.

Дегенмен де, бүгінгі таңда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету пайдасына ортақ шоғырландырылған шаралармен шешілуге тиіс мәселелер де жоқ емес. Біріншіден. Кеңес отырысында Құқықтық статистика комитетінің басқармасымен және Қарағанды облысының арнайы есебімен шағын және орта бизнеске облысымыздың мемлекеттік бақылаушы органдары тарапымен жасалған тексерістер бойынша есеп пен координация жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат жарияланды. Басқарманың ақпараты бойынша жеке меншік кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаушы органдармен жүргізілетін тексерістер мөлшерінің артқаны байқалады. 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық және олардың дені жоспардан тыс тексерістерге жатады. 2018 жылдың 10 айының ішінде бақылау және қадағалау органдарымен кәсіпкерлік субьектілердің іс-әрекеттеріне 7844 тексеріс жүргізілген. 2017 жылдың осы мерзімінің ішінде 6391 тексеріс жүргізілген. Тексеріс мөлшерінің артуы келесі мемлекеттік органдарда аңғарылады: мемлекеттік кірістер органдары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті, атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау департаменті, жердің пайдаланылуын бақылау инспекциясы, ҚР АШМ АӨК МИК территориалық инспекциясы, су ресурстары бойынша органдар, өндірістік қауіпсіздік органдары, балық шаруашылығы және тағы басқа органдары. Сонымен қатар, бизнесті жүргізу және бұқаралық, оның ішінде 2017-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысында отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға арналған шарттарды жақсарту бойынша Түбегейлі жоспардың 47-тармағымен жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті атқарушы органдарға есеп беретін мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерістердің мөлшерін кеміту қарастырылған: 2018 жылдың қорытындысы бойынша 30% және 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10%-ға. Екіншіден. Жеке меншік кәсіпкерлік субьектілерінің тексерістер барысында мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағым түсіруі бойынша сараптама жасалды. Осы сараптама барысында жасалған бірқатар заңсыздықтар айғақталды:

1. Тағайындау туралы сәйкес актісіз тексерістер жүргізу. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 145-бабының 1-тармағында тексерістер мемлекеттік оралдын ала бақылау және қадағалау жүргізу тәртібі, оның ішінде тексерісті жүргізудің негізгі себебі, сонымен қатар субьектіге (обьектіге) келгендегі іс-әрекеттер тәртібі көрсетілген ескерту тексеріс өткізу мерзімінен кем дегенде 1 тәулік бұрын хабарлануы тиіс деп бекітілген.

2. Тексерісті жүргізу барысындағы немқұрайлықтар, «құқық бұзушылықтың алдын алу басымдылығы» қағидасының бұзылуы. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 13-бабында құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар деп көрсетілген. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 154-бабының 3-тармағында бақылау және қадағалау барысында лауазымды тұлға міндетті: 1) ҚР заңнамаларын, субьектілердің заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауға;

3) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге. Сонымен қатар, қайсыбір мемлекеттік органдармен әлі күнге дейін бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілгенде «тексеру, анықтау және жазасын беру» қағидасы іске асырылуда. Атап айтқанда, уәкілетті органдардың тексерістерінің қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субьектісіне қатысы жоқ себептерге орай жүзеге асырылуы мүмкін емес нұсқаулар беріледі. Осы нұсқаулар орындалмағаннан кейін, уәкілетті органдардың екінші қайтара тексеріс жүргізуіне мүмкіндігі туады және нұсқаудың талаптары орындалмаған жағдайда кәсіпкерлік субьектісін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігін жүзеге асырады.

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Атамекен» ҰКП-ң Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету облыстық Кеңесінің әрдайым өзінің қатысы және тұрақты ұстанымы бар.

А.ТҮКБАЕВА, облыстық мәслихат депутаты, «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы әрекет ету облыстық кеңесінің мүшесі.