Кәсіп кабинеті ашылды
Жақында Қарағанды теміржол колледжінде кәсіптік бағдар беру және мансаптық өсу кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Кабинет колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын, сондай-ақ, әдістемелік, ақпараттық және консультациялық орталық. Келушілерге колледж бойынша виртуалды экскурсия жасауға, мамандықтармен танысуға, бейне сабақтарды көруге және болашақ студенттердің мамандыққа бейімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік берілген.
Айта кету керек, қазіргі таңда облыста колледждер жанында 36 жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтары жұмыс істейді. Колледж түлектерімен жүйелі негізде байланыс сақталғандықтан, жұмыспен қамтылмаған түлектерді жұмысқа орналастыру үшін «Еңбек нарығы» ААЖ электрондық еңбек биржасы қолданылады.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz