Көрсеткіштер тұрақты

Шахтинск қаласының әкімі Сержан АЙМАҚОВТЫҢ төрағалығымен өңірдің соңғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған жиын өтті.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Буравко мәлімдегендей, аталған мерзімдегі өнеркәсіптік өнім көлемі 5 млрд. 699,9 млн. теңгені құрайды деген болжам бар. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімі – 4 млрд. 538 млн. теңгені, бөлшек сауда айналымы 5 млрд. 235,2 млн. теңгені құраған.

Бюджет қаражатын игеру 99,1%-ды құраған. Ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, шағын кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі сияқты негізгі көрсеткіштер тұрақты сақталған.

Қала әкімінің баспасөз қыз­меті хабарлағандай, жиынды қоры­тындылаған қала әкімі бірнеше нақты тапсырмалар жүктеді.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.