Көрмеге – жастар қолдауы

    Ұлт шежіресінде алтын әріптермен таңбаланып қалар «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің ашылу мерзімі жақындаған сайын оған қолдау көрсетіп, насихаттауға ден қойған белсенді жастардың қатары да артып келеді. Жаңаарқа ауданында «Жастар – Мәңгілік Елдің болашағы» тақырыбымен өткізілген флеш-моб сайысы – соның бір айғағы.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуы, аудандық мәдени-сауық орталығы, «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені және аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған тартымды сайысқа барлық ауылдық округтерден, аудан орталығындағы мектептер мен колледждерден жалпы саны 14 команда қатысты.

Сайыс қорытындысында ау­ыл­дық округтер командалары ара­сынан Қараағаш ауылының «Нұр шашу» командасы ат оздыр­ды. Аудан орталығындағы мектептер мен колледждердің өзара бәсекесінде №132 орта мектептің «Gold girl» командасы басымдық танытты. Қазылар алқасы мен жанкүйерлер қауымы О.Жұмабеков атындағы орта мектептің намысын қорғаған «Burning girls» командасының өнеріне де ерекше тәнті болды.

Аталған үш командаға ҚР Конституциясы күніне орай, Қарағандыда өтетін облыстық «Жастар әлемі» флеш-моб сайысына қатысуға жолдама берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар грамоталар, сыйлықтармен марапатталып, арнайы кубоктарды иеленді. Қатысушы командалардың барлығына Алғыс хаттар тапсырылды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.