Көрмеде – көшпенділер өркениеті

    Баламалы энергия көздерін паш ететін Халықаралық көрме – «ЭКСПО – 2017» көрмесінің басталуына, міне, 109 күн қалыпты.

Әлем көз тіккен іс-шарада халқымыздың бай мұрасын, терең тарихымызды, төл өнеріміз бен мәдениетімізді де кеңінен насихаттайтын боламыз.

Көрме барысында «Этноауыл» этно-мәдени кешені есігін көпке айқара ашатын болады. Ол «Қағанат» ипподромының аймағында орналаспақ. Аумағы 2500 шаршы метр.

Мұндай ақпаратты Қазақстан Рес­публикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлімдеп отыр.

Сондай-ақ, департамент директорының айтуынша, этно-мәдени кешен қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсетудің Орталығына айналады.

Этонауыл келушілерді қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, өнері және дәстүрлерімен таныстырып, келген қонақтың әрқайсысына көшпенділер өркениетінің этно-мәдени ортасын, өткен ғасырлар сырын өз бетінше сезінуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.