Байқау

Кәрім ақын оқулары өтеді

Қарағанды қаласында «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ақын, журналист Кәрім САУҒАБАЙДЫҢ 80 жылдық мерейтойына орай 14 қазанда мектеп оқушылары арасында «Кәрім – ақын, Кәрім – жыр…» атты облыстық І Кәрім Сауғабай оқуларын өткізеді.

Мақсаты – ақынның әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, көркем оқуға баулу. Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар ақын Кәрім Сауғабайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсіріп, instagram-дағы @qaragandy.analary парақшасын белгілеп жариялайды.

Оған 10 мен 18 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Ал, жеңімпаздарды арнайы бекітілген қазылар алқасы анықтайды.

Марапаттау салтанаты 14 қазанда өтеді. Өткізілетін орны қосымша хабарланады.

Байқау жеңімпаздары Бас жүлде, I-II-III орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысу үшін үміткерлер туралы мәліметті (қатысушының аты-жөні, туған күні, айы, жылы, оқу орны, сыныбы, жауапты ұстаздың аты-жөні) және өлең оқыған бейнежазбаны 2021 жылдың 13 қазанына дейін instagram әлеуметтік желісіндегі qaragandy.analary парақшасын белгілеп жариялауы қажет.

Кәрім Сауғабай – 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Едірей ауылында туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. «Мойындау», «Күдеріңді үзбе», «Балқантаудың басында», «Үшқара оттары» жыр жинақтары мен «Мәди» повесінің авторы.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button