Көпбалалы отбасылар үшін жеңілдіктер қарастырылды

Қарағанды облысы әкімінің бастамасмен облыстық әкімдік пен мәслихат бірлесіп, көпбалалы отбасыларды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Мәселен, биыл  1 мамырынан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көпбалалы аналар қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Ал, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасындағы ата-аналардың біреуіне осындай жеңілдік қарастырылған. 
Сонымен қатар көп балалы отбасылар үшін мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 50% жеңілдік берілді.
Толық ақпарат «Білім бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылады.