Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Алдағы уақытта мемлекеттік жәрдемақы тағайындау барысында көпбалалы отбасылардың табысы есепке алынбайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Қазіргі таңда министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңартылған жүйесін жасап, тиісті заң жобасын әзірлеген.  Заң жобасында атаулы әлеуметтік көмекті көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, әр балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыру ұсынылған. Бұл көпбалалы аналардың әл-ауқатын арттыруға жол ашады. 

Министрдің айтуынша,  жаңа мемлекеттік жәрдемақы  бала санына  42500 теңгеден 73 000 теңгеге дейін бекітіледі.

Басқа материалдар

Back to top button