Облыс әкімі

Көлік саласының құрметті қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Көлік саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде Қарағанды облысында көлік саласында 20 мыңнан астам адам еңбек ететін 900 кәсіпорын бар.

Көлік саласынсыз ұлттық экономиканың тұрақты дамуын да, сонымен бірге, азаматтарымыздың күнделікті тұр­мысын да елестету мүмкін емес. Кө­лік саласының еңбеккерлері ел экономикасына қосқан үлестері мен міндеттерді мінсіз атқарғаны үшін аса құрметке лайық.

Мемлекет басшысы Қазақстан Хал­қына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында барлық көлік-логистика саласына нақты мақсаттар мен міндеттер қойды.

Географиялық қолайлы орналасуы, сондай-ақ, дамыған автокөлік және теміржолы бар Қарағанды облысы транзитті, жолаушылар және жүк тасымалын өркендетуде зор әлеуетке ие. Қазірдің өзінде контейнерлік тасымал көлемін арттыру бойынша ілкімді шаралар қолға алынуда, әуе көлігімен жүк тасымалын дамытуда бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асуы көліктік кәсіпорындардағы, ав­тобус парктеріндегі, әуежайдағы, темір­жол вокзалындағы және стансалардағы қызметкерлердің ерен еңбегіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.

Саланың қарқын алуына ұзақ жылдарын арнаған және өздерінің ізін басар буын тәрбиелеген ардагерлерге ерекше лебізімізді жеткізгіміз келеді.

Құрметті қауым!

Ерен еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз, өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз. Шын жүрегімізден Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, ба­қыт, игілік, еңбекте жеміс тілейміз.

Ерлан ҚОШАНОВ

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button