Көк Ту көтерген көліктер
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Балқаш қаласында «Менің Туым – менің Отаным!» атты салтанатты шара өтіп, автошеру ұйымдастырылды. Айтулы шара рәміздер күнімен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына да арналды.
Мереке аясында шаһардағы барлық мекемеде Әнұран орындалып, Ту мен Елтаңбаға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, «Регион» компаниясының құрылтайшысы Андрей Каминский ұйымдастырған автошеру қала тұрғындарының көңілінен шықты. Мерекеге орай, Ту және Тәуелсіздік мерейтойы тақырыбында безендірілген жиырма шақты жеңіл көлік шағын шаһардың көшелерімен жүріп өтіп, шеруді Тәуелсіздік алаңында аяқтады.
– Бүгінгі шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ бойындағы мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, патриоттық сезімді ояту. Ел рухын, қаһармандығы мен даналығын паш ететін рәміздер – мемлекетіміздің мәртебесі, баршамыз үшін қастерлі. Мәңгілік Елдің аспанында Көк Туымыз желбірей берсін. Мұндай шараны қашанда қолдауға әзірміз, – дейді Андрей Каминский.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ қаласы.