Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ туғанына – 110 жыл

Көңілден шыққан көрме

Көрмені Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ақиық ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Қасымтану» зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Көрменің ашылуы кезінде жиналған жұртшылыққа «Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректорының кеңесшісі, философия ғылымдарының докторы Мирас Құттыбай мен «Қасымтану» зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғап ақын жайлы мол мағлұмат беретін келелі әңгіме қозғап, ғылыми кітапханасының директоры Гауһар Әбдіғұлова көрмеге қойылған кітаптар мен суреттерге қатысты тарихтан сыр тарқатты. Көрмеге «Қасымтану» зерттеу орталығының бір топ зерттеушілерінің тынымсыз еңбегі нәтижесінде тірнектеп жинақталған Қасым Аманжоловтың көпшілік біле бермейтін кітаптары, басқа да құнды еңбектері қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған деректі фильм көрсетілді.

Өз тілшімізден.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button