Бас тақырып

Өңірлік-көрме байқауына ауылдық жерден 30-ға жуық әйел кәсіпкер өнімдерін әкелді

Қарағандыдағы Орталық саябақта «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік-көрме байқауы өтуде. Өңірдегі 90 кәсіпорын өз өнімдерін әкелді. Оның ішінде құрылыс өнімдері, құбырлар, үй жиһаздары, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар, жылыжай өнімдері, түрлі тағам және тағы да басқа өнімдер көрмеге қойылды. 

«Қазақстанның үздік тауары – 2023»

Өңірлік көрме-байқауға облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өтіп жатқан биылғы көрме-байқаудың бір ерекшелігі – «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ауыл-аймақтардан 30-ға жуық әйел кәсіпкер өз өнімдерін көрмеге әкелді. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы бастама. Комиссия мүшелері 30 кәсіпкердің ішінен ең үздік 10 кәсіпкерді анықтайды. Ал кейінірек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оның ішінен 3 кәсіпкерді анықтап, мемлекеттік қолдау білдіреді. 

«Қазақстанның үздік тауары – 2023»

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталады. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».

Көрме-байқау 16:00-ге дейін жалғасады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button