Бас тақырып

Өңірде пилоттық режимде әкім сайлауы басталды

Приозерск қаласы мен Ақтоғай, Осакаров аудандарында пилоттық режимде әкім сайлауы басталды. Бұрынғыдай емес, бұл жолы қала мен аудан тұрғындары әкімін өздері дауыс беру арқылы сайлайтын болады. 

Сурет: Сайт мұрағатынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елде алғаш рет аудан мен қала әкімдерін сайлау өтетінін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде облыстық мәслихатының кезектен тыс, VI сессиясында депутаттар Приозерск қаласы мен Ақтоғай, Осакаров аудандарының әкімін пилоттық режимде сайлауды ұсынып, тиісті қаулы қабылдаған. 

Бүгінде ел бойынша барлығы 45 аудан мен қала пилоттық сипатқа ие болды. Егер өңірдегі пилоттық режимде өткізіліп жатқан әкім сайлауы ойдағыдай өтетін болса, алдағы уақыттарда барлық қала мен аудан әкімдері осы жүйе бойынша сайланбақ.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button