Бас тақырып

Өңірде наурыз мейрамы қалай тойланады?

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қарағанды қаласының әкімдігі бірлесіп Наурыз мейрамын мерекелеудің бағдарламасын әзірлеуде. Ұлыстың ұлы мейрамында жылдағы дәстүрге сай түрлі спорттық сайыстар өткізілмек. Әрі жеңімпаздарына түрлі сомадағы ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Коллаж Ш.Адамбекова

20 наурызда, сағат 10.00-де жеңіл атлетика манежінде алты ұлттық спорт түрінен мемлекеттік қызметшілер арасында турнир өтеді. Және сол уақытта Үштөбе ауылының маңайында (елді мекенге жетпей оңға бұрылу) «Жаппай көкпардан» облыстық турнир басталады. Жүлде қоры – 1,5 млн. теңге.

22 наурыз сағат 12.30-да «Шахтер» стадионы мен «Жастар» СК-да Наурыз мейрамына арналған түрлі спорттық турнирлер ұйымдастырылады. Мәселен, +82 келі салмақ бойынша қазақ күресінен турнир өтеді. Жүлде қоры – 1 млн. теңге.
Одан бөлек, тоғызқұмалақ, асық ату, кір көтеру, қол күрес, арқан тарту, қошқар көтеру сынды спорт түрінен турнир ұйымдастырылады.

Ал, 11-23 наурыз аралығында облыс қалалары мен аудандарында 15 000-нан астам адамды қамтитын 89 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарлануда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button